Дулат Исабеков

Қарғын

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Айжігіт Бейсековhas quoted5 years ago
    Сүю деген ешкімнен рұқсат алып келмейді, ол тіпті, өзіңмен де санаспайды.Сүю - өзгеге тәнің мен жаныңды құл етіп матап беретін тәтті у, сүйкімді жауыз.
  • Қырықбай Ұзақбайұлыhas quoted6 years ago
    ІІындықты

    естігенде бәріміз ар-намысты аяқтың астынан іздеуге үйренгенбіз.
  • Алмас Борисhas quoted3 years ago
    - Дүние тып-тыныш, жайбарақат қар жауып тұр,-деді өзімен-өзі тілдескендей.- Әркім өз шаруасымен. Ешкім мен ешкімнің ісі жоқ. Сырттай қарасаң жұрттың бәрі бірі-бірімен дос сияқты. Айталық, ана бір сегіз қабат үйді көрдіңіз бе, төбесіне қызыл лампалармен "Служба быта" деген жазуы бар. Сол үйде қанша адам, қанша тағдыр бар десеңізші. Бәрінің де жақсы көретін, жек көретін, тіпті біреудің өлгенін тілейтін адамдар тұрып жатыр. Әне, біреу, ас үйде, біреу залда, біреу ұйықтайтын бөлмеде қыбырлап жүр. Ана қызықты қараңыз, плавка мен лифчигі ғана бар бір жас әйел терезе пердесін ашып жатыр, қайта, жабуы керек қой.
  • b7669715625has quoted4 years ago
    Бәрі алақандағыдай. Ешқандай сыры, ешқандай жұмбағы жоқ. Бүгін - сегіз сағат жұмысы, бір сағат үзіліс, кешкі ас, жеті сағат ұйқы. Ертең - сегіз сағат жұмыс, бір сағат үзіліс, кешкі ас, жеті сағат ұйқы...

    Осылай кете барады, кете барады. Өмір бойы!..
  • b8066266427has quoted5 years ago
    "Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда..."
  • merwerthas quoted2 years ago
    Егер бүркітті аң көрінбесе де

    томағасын алып босқа ұшыра берсе, ол ашуланып, аңшының өзіне шабады.

    Тілдің де қасиеті осыған ұқсас. Оның да қайтып айналып кеп өзіңе тиетін

    көзі болып тұрады.
  • merwerthas quoted2 years ago
    Мен мектепте оқып жүргенде оныншы класты бітіргенше асығып едім.

    Есейсем, өмірге аралассам деп зрмандаушы едім. Дүние деген аңыздағы

    жұмақтай көгілдір түске боялып, пәк күйінше маған қол бұлғап тұратын.

    Оның бір бөлігінде адамдар бақытты өз иелерін күтіп тұратындай,мен соны

    тауып ала салатындай сөзінуші ем. Енді қарасам, бәрі оңай емес екен.
  • merwerthas quoted2 years ago
    жалғыз қалды,- деп ойлады Бағила.- Жападан-жалғыз. Бәлкім ол қонақ

    үйде ғана емес, өмірде де жалғыз шығар?
  • merwerthas quoted2 years ago
    Мені сізбен таныстырған қай тағдыр!
  • merwerthas quoted2 years ago
    Әйелге,жылаған да жарасады,- деді. Жасын монолог оқып тұрғандай

    көшенің арғы бетіндегі скверге қарап.- Ол одан жанын тазартады, әйелдің

    әйел екенін танытады.Мен жыламайтын, жылай білмейтін әйелдерден

    қорқамын,олар арамдық пен жауыздыққа жақын.Білесің бе, қазір дүние жүзі

    әйелдерінің алдында әйел бола білу мәселесі басты проблемаға айналды!
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)