Әзілхан Нұршайықовтың

Quotes

b0822468089has quoted2 years ago
Оларды шолып келіп, менің көзім өз алдымдағы көрші партадан көтерілген екі қыздың жып-жылтыр шаштарына, олардың қос-қос бұрымдарына түсті.
Камарсулу Абилhas quoted2 years ago
Баруға құс боп ұшып қанатым жоқ. Ойымнан кеткен жоқсың қалатын боп. Сағынып менің жаным жүдеді ғой, Жүрегім ауық-ауық жанатын боп. Су болсамшы алысқа ағатын боп, Жел болсамшы жер түбін табатын боп. Арқар, құлан сықылды аң болсамшы, Айшылықты алты аттап шабатын боп.

Ол емес, екі аяқты жан болған соң, Отырмын ойдың отын жағатын боп. Өзіңнің сәлем жазған хаттарынды Бойыма бойтұмар ғып тағатын боп.
Камарсулу Абилhas quoted2 years ago
Ол Тананы көктегі күннен де, жердегі желден де, көлденең көзден де, гулеген сөзден де, мен тұрғай өзінен де қызғанар еді-ау! Ендеше менің мұным оны өлді деп басынғаным ба? Мен құмарлық қысып, ләззаттың осынау өзім сипалаған қос шыңының төбесіне көтерілсем, әзіз досым Заманның зиратын таптағандай болмаймын ба? Таптағаным емес пе. Жоқ, олай болмайды. Жаным тірі тұрғанда мен досымнын атына кір келтіруге тиіс емеспін. Танадан ләззат ұрлап, дос қарызы, дос аруағы алдында қарабет болуға хакым жоқ.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)