uk

Ильяс Есенберлин

years of life: 10 January 1915 5 October 1983

Quotes

Aiman Kainarbayevahas quoted2 years ago
Сайрам, Яссыны қайтадан тұрғызған. Сығанаққа астанасын көшірген. Қазақ руларына керек шай, қант, мата, ыдыс-аяқ, қазан-ошақ — бәрін Үндістан, Қытай, Иран саудагерлерінен алып, Шығыспен сауда жүргізе бастаған. Бұның бәрі Ақ Орданың құлауымен бірге біткен. Ал бұл жағдайға жету үшін, құлап қалған Ақ Орданы қайта тұрғызу керек. Әрине Ақ Орданы қайта тұрғызу деген сөз, бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін, Түркістан уәлиетін өзіне қарату деген сөз
Aiman Kainarbayevahas quoted2 years ago
Қала-мединелерді басқарып отырған хакім, даруғалар мемлекетке деген көзқарастарын өздерінің жеке мүддесіне қарай белгіледі. Сол себептен де бүл шаһарларды билеген мықтылар ойына келгенін істеді, қарамағындағы елді өзінің меншікті мүлкі санады. Мединелерді билеген бекзадалардың асқандығы соншалық, қалаға таласып жатқан екі жақтың қайсысының қарамағына көшкісі келсе, соған өз еркімен көше берді. Егер қала мықтылары өз бастарына пайдалы көрсе, кешегі жауына бүгін өзі апарып қала қақпасының кілтін ұстатты. Осындай жағдайларды ойлаған Түркістанды жаулап алған хандар, әрқашан да бүл шаһарларға хакім етіп өздерінің сенімді жақындарын ғана қоюға тырысты. Бұл әдетті Әбілқайыр хан да қатты қолданды. Түркістан уәлиетін өзіне қаратқаннан кейін, осы уәлиетті жаулап алуда көп қаһар көрсеткені үшін, Сығанақтың хакімі етіп Манедан-оғланды, Үзкентке — Маңғыт руының биі Оқасты белгілеп, Созақ бекінісін немере ағасы Хызырханның баласы Бахтияр сұлтанға тартты. Яссы, Сауран, Сайрамдарды да осылар тәрізді Әбілқайырға өте сенімді не болмаса хан тұқымынан шыққан сұлтандар билеуде еді
Aiman Kainarbayevahas quoted2 years ago
Ал, азғантай ғана шұрайлы жайылым үшін бірінің малын бірі барымталап, жігіттерін сойылға жығуға дейін баратын қазақ руларын өзіңе бағындыру оңайға түскен бе! Әрқайсысы өзін-өзі дөй санайтын, өзім дегенде өгіз қара күші бар op рудың би, батырларын бір ханға бағындыру оңай болып па? Тағы бір қиындығы Әбілқайырмен айырылысар кезде намысқа шауып, бір жұдырықтай жұмыла қалған қазақтың басты рулары тынысы кеңіген сайын, жұмылған жұдырығы жазылып, біріктік деп тартқан айылы босай түскен. Өзінің ежелгі дәстүріне салып, малының әуеніне қарай бытырай көше бастаған. Жәнібектің де ең қорыққаны халықтың жібі босап кететін осы кез еді. Әбілқайыр ханның да күткені осы
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)