bookmate game
kk
Free
Мұхтар Мағауин

Бір атаның балалары

  • Бекнур Болатhas quoted8 years ago
    – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, – деді басқарма. – Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.
    Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты.
    – Сабыр, ағайын, сабыр, – деді басқарма қолын көтеріп.
    – Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, – деді содан соң дауыстап.
    – Тамағын ішіп болса балаларды алып шық.
    – Қазір, ақсақал, – деген дауыс естілді киіз үй ішінен,
    – Ал, былайырақ тұрындар, балаларға орын беріңдер, – деді басқарма.
    Жұрт жапырыла шегініп, есік алдың қоралай тұрды. Орталарын ашқанмен, кимелесіп, мүмкіндігінше алға шығуға тырысады. Бірі қызық көрмек, бірі үміт жетегінде.
    Ақыры басқарма әйелінің ақ шаршысы көрінді. Бірақ сыртқа шықпай, көтерме киіз есікті жамылған күйі бөгеле берді.
    – Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер.
    Аппақ қаздың баурынан тұрған сары үрпек балапандай, сап-сары шашты сап-сары бала көрінді. Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды. Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, қоңыр шашты, жирен шашты балалар өріп шыға бастады. Күнге көздері шағылысты ма, әлде жадау киінген жат топтан именді ме, бәрі есік алдыңда ұйлығып қалды.
    – Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер, – деді басқарма. Қолынан бір-бірлеп жетектеп әкеп, киіз үйдің күнес жақ қабырғасына қатарлап тұрғызды.
    Жаңа сілтідей тына қалған жұрт бадалардың ішінде қоңырқай өңді, қара көзділері барын аңдаған соң қайтадан күбір-күбір сөйлесіп, гуілдеп кеткен.
    – Ал, Дәуренбек, – деді басқарма, екі қолын кеудесіне айқастырып, алдыңғы қатарда сіресіп тұрған қара ғалифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігітке қарап. – Дүкіметіңді оқы, балалардың мән–жайын айт
  • Ертарғын Бердібекhas quoted5 years ago
    Сыртқы түр – перде. Ішін айт. Жүрегі қалай соғады, бүйрегі кімге бұрады – соған қара. Ойын айт, пиғылын айт.
  • Нурсултанhas quoted4 years ago
    "... Қанжығадан қан керек. – Тебінгіден тер керек, – Маған анау тұрған пәленнің қу басы керек"
  • b3358671746has quoted3 years ago
    Бірақ жаңағы сенің ғылымыңның өзі қазақтан орыс кем, орыстан еміс жаман деп айтпайтын шығар. Сыртқы түр – перде. Ішін айт. Жүрегі қалай соғады, бүйрегі кімге бұрады – соған қара. Ойын айт, пиғылын айт.
  • Нурсултанhas quoted3 years ago
    Қайтеміз. Көнеміз. Көтеріп аламыз.
  • Нурсултанhas quoted4 years ago
    "Ахау айдай ақыным – Армияда жақыным, – Қолдан келер қайран жоқ, – Алла білсін ақырын..."
  • Ledi062006has quoted8 years ago
    БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ
    Хикаят
    Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім. Тарихын естіген жұрттың бәрі көзіне жас алады.
    Мен жалғыз баласынан соғыста айрылған кемпір-шалдың үйінен 1942 жылы көктемде түсірілген сурет көрдім. Әскерге жаңа алынған ауыл жастары. Қасап қырғыннан алпыс жетінің үшеуі ғана аман қайтыпты...
    Мен оларды көргем жоқ, олармен бірге жүргем жоқ. Олар туралы жаза алмаймын. Бірақ мен сол қыршын ерлердің панасыз қалған кәрі ата-аналарын білем, жетім қалған жас балаларын білем. Туып үлгермеген нәрестелерінің қазір неше жасқа келетінін, қандай азамат болатынын білем...
    Осы шағын дүниені фашизм құрбандарының туып жетім қалған, тумай жарығы өшкен сәбилерінің рухына арнаймын. Өлгендеріне тастаған бір уыс топырағым, тірілеріне жанын жұбатар бір шумақ жырым.
    Ав тор.
    БАСТАУ
    – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, – деді басқарма. – Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.
    Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты.
    – Сабыр, ағайын, сабыр, – деді басқарма қолын көтеріп.
    – Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, – деді содан соң дауыстап.
    – Тамағын ішіп болса балаларды алып шық.
    – Қазір, ақсақал, – деген дауыс естілді киіз үй ішінен,
  • sayajansaya479has quoted13 days ago
    Жалпы, арғы текті қазу – азаматтың ісі емес. Қазір бәріміз бір өзеннің арнасы, бір атаның баласымыз. Бір семьяның мүшесі, бір ұлыстың ұлымыз.
  • sayajansaya479has quoted13 days ago
    Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқтыны адал бөлісіп жеген соң, беті сүйекпен зерленген қазақы ағаш төсектің басына ілулі тұрған, ала ешкінің бітеу сойылған, жүні сыртына қараған мойын терісінен жасалған ұзыншақ дорбаны алып, түбінен көтеріп, ішіндегісін сау еткізіп жерге төгеді. Әкесі атпен үй-үйге арнайы шығып, бір-ақ күнде жинап, өз қолымен тамыр дәріге, қою қынаға бояп берген сары ала, қызыл күрең асықтар. Неше жыл жатқан сандық түбінен апасы әперген, атыла-атыла әбден мүжілген, бірақ әлі де қолда ойнап тұрған үлкен қоңыр құлжа.
    – Менде де асық бар, – дейді көзі жайнап кеткен қонақ бала.
    – Жахсы, – дейді Зигфрид. "Қ" ға әзір тілі келмейді, "қ" мен айтудан қашады. Үйреніп үлгерген сөздерінің ішінде "қ" әрпі кездесіп қалса үнемі "х" етіп жібереді. Басқа қазақы дыбыстардың бәрін де айта алады. "Ғ" ны да, "ү" ні де, "ә" ні де. Ал "н" ды орынды, орынсыз, мөлшерден тыс көп қолданады: – Ханша асх сеңкі?
    Қонақ бала қанша асығы барын білмейді.
    – Көп, – дейді біраз ойланып барып.
    – Жахсы, – дейді Зигфрид салмақпен. – Меңкі көп-көп. Меңкі хырх... хырх... апа, ханша?
    – Қырық тоғыз, жарығым, – дейді жүн түтіп отырған апасы.
    – Меңкі хырх тоғз асх.
    – Менің де қырық тоғыз асығым бар, – дейді сан білмейтін қонақ бала әйтеуір көптік мағынадағы сөз болар деген шамамен.
    – Жахсы... жахсы... – дейді Зигфрид қонағын арқасынан қағып. – Сеңкі хұльжа бар?
    Бала өтірік айта алмайды. Үндемей қалады.
    – Хұльжа... архар... блесң?..
    – Осындай құлжаны мен де тауып алам, – дейді жеңілгісі келмеген қонақ бала.
    – Бұль хұльжа Нарым... бет ағамдікі! Маған тастаған. Соғыста өлген. Меңкі үш аға соғыста өлген. Сеңкі неше аға өлген?
    – Менің ағам әлі тірі, – дейді қонақ бала.
    – Трі... не? Апа, не трі?
    – Өлген жоқ, айналайын. Бір жерде жүр.
    – О-о! – дейді Зигфрид қуанып. – Меңкі өлген.
    Қонақ бала біржола жеңіліп, айтарға соз таба алмайды.
    – Меңкі үш аға өлген... Кіммен соғыста, апа?
  • sayajansaya479has quoted13 days ago
    ?
    – Кәрманмен, күнім.
    – Кәрманмен соғыста меңкі үш аға өлген.
    – Менің ағам да өледі, – дейді ағасының тірілігі зиянға шыққан қонақ бала. – Ертең өледі.
    – Сеңкі аға трі, – дейді әбден жеңіп алған Зигфрид. – Меңкі үш аға өлген. – Үш саусағын көрсетеді. – Келім... бет... Жолым... бет... Нарым... бет... – Әр ағасының атын атаған сайын бір саусағын бүгеді. Алдымен бас бармақ, содан соң сұқ саусақ, ең соңында ортан қол. – Енді мен біреу, – дейді жұмылған үш саусағының орнына жалғыз шынашағын шошайтып. Мен мынау... – Содан соң бас бармағын көрсетеді. – Мынау болады. Көкем айтхан.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)